Қазақстаннан біздің үйренеріміз көп - РФ Мемлекеттік Думасының Қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасының орынбасары

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның әлемдік дағдарысты еңсеру жөніндегі жұмыстары - танысу тұрғысында ғана емес, зерттеу және тәжірибе алу тұрғысында да назар аударуға тұрарлық, - кеше Астанада

«Дағдарысқа қарсы саясатты жүзеге асыруға бизнестің атсалысуы» тақырыбында өткен халықаралық «дөңгелек үстел» отырысында РФ Федералды Кеңесі Мемлекеттік Думасының Қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Михаил Гришанков осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресей саясаткерінің айтуынша, Қазақстан бұл мәселелермен ресейліктерден бұрын айналыса бастады, сондықтан да нәтижелер бар. «Кадрларды қайта дайындау жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бізге ұнап отыр. Бұл тәжірибе сөзсіз назар аударуға тұрады. Дағдарыс адамдардың қосымша мамандық алуларына көмектеседі», - деп атап көрсетті М.Гришанков. Оған қоса Қазақстанда әрбір ведомство өз корпоративтік қызығушылықтарын қорғап, дағдарыспен жеке-жеке күресіп жатқан жоқ, олар қоғамдық мүдделерді бірлесіп қорғауда. М.Гришанковтың айтуынша, бізде ортақ мәселелер көп. Дағдарысқа дейінгі жинақталған қорлардың есебінен екі ел де қиыншылықтарды елеулі қиындықсыз еңсеруде. «Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауға мемлекетпен бірге, партияның да атсалысатындығы мені қызықтырып отыр. Қысқаша айтқанда, Қазақстаннан біздің үйренеміз көп», - деп атап көрсетті ресейлік саясаткер.