Қазақстаннан үлгі алатын тұстарымыз жеткілікті ? Түркия діни комитетінің төрағасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстаннан біздің де үлгі алатын тұстармыз жеткілікті. Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және қазіргі заман» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне қызыға да, қызғана қараймыз және қуанып отырамыз. Сіздерден біз де үйренуге, үлгі алуға тырысамыз», -дейді Түркия діни комитетінің төрағасы Хамза Актан. Оның айтуынша, Түркияда қазіргі таңда Қазақстанмен діни білім беру мен өзге де діни қызмет салаларындағы қарым-қатынасқа үлкен мән беріліп отыр.