Бангкок қаласында (Тайланд) БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) «құрғақ порттар» жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті.
— Отырыс қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын жыл басынан бері Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданғанын жазған едік.