Оның айтуынша, сапар барысында А.Шәкіров қамау абақтылары, әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын аралап, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары бойынша бірқатар кеңестер өткізеді. Онымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен заңгер мамандар жүреді. «Оның бәрі зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша құрылған жұмыс тобы аясында жасалып отыр. Олар - осы топтың мүшелері», - дейді В.Калюжный.
17:23, 03 Қазан 2012
Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Шығыс Қазақстан облысында болады
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Шығыс Қазақстан облысында болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный мәлім етті.