Оны «Жинақ банкі» еншілес банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Олег Смирнов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.
«Банк секторында қалпына келудің барлық белгісі байқалуда. 2009- 2010 жылдары банк секторының активінде теріс көрсеткіштер тіркелген болатын. Банктердің несие қоржынындағы өсім алғашқы жартыжылдықта 3 пайызды құрады», - дейді Олег Смирнов. Оның айтуынша, банк секторындағы оң үрдіс алдағы уақытта да жалғасады. Оған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы оң ықпалын тигізеді. Мемлекеттік бұл бағдарламаны жүзеге асыруда «Жинақ банкі» еншілес банкі» АҚ-ы да сырт қалған жоқ. Банктің даму бағытындағы болжанған көрсеткіштері жоспарланғаннан да асып түсті. Мәселен, таза кірістің көлемі бойынша алғашқы жартыжылдықта олар үздік үштіктің қатарына еніп отыр. Ал активтер көлемі бойынша екінші деңгейлі банктер арасында 11-ден 7-орынға дейін көтерілді.