Қазақстанның бұрғылау компаниялары Солтүстік-Каспий жобасына шақырылды

АТЫРАУ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда форум өткізіліп, оған Қашаған кен орнын игеру жөніндегі Солтүстік-Каспий операторы - «НКОК» алғашқы рет скважиналарды бұрғылау мен жөндеумен айналысатын қазақстандық компанияларды шақырды.

200 адам қатысқан форумда Қашаған кен орнында оны игерудің екінші сатысы аясында бұрғылау жұмыстарына қазақстандық компанияларды тарту мәселесі әңгіме болды.