«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ стратегиясына өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Алға қойылған міндеттерді тиімді түрде жүзеге асыру мақсатына директорлар кеңесі ұйымдастырушылық өзгерістерді мақұлдады.
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты банктің директорлар кеңесі басқарма төрағасы Ғали Есқалиевті қызметінен босатты.
«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқаруымен бұрын басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған, банктің инвестициялық қызметін, сараптамалық мәселелерді ұйымдастыру мен үйлестіруді, несие қайтарымын қамтамасыз етуді бағалау, несиелік әкімшілендіруді басқарған Нұрлан Құсайынов басқарма төрағасы болып тағайындалды.