Сәрсенбі, мамырдың 19-ы күні 69 кг салмақтағы қазақстандық спортшы Серік Сапиев өзбек спортшысы Рустам Бегиевті 12:2 есебімен ойсырата жеңді.
Сондай-ақ ҚР құрамасының өкілі Данияр Үстембаев Өзбекстан боксшысы Мирзохид Абдуллаевты 4:1 есебімен жеңді.
Бейсенбі, мамырдың 20-ы күнінің екінші жартысында С.Сәпиев пен Д.Үстембаев финалдық сайыстарға шығады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, осы күндері Ташкенттің «Жар» спорт кешенінде жеті елден 100-ге тарта спортшы қатысып отырған, Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сидней Джаксонды еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр.