Қазақстанның екі облысында қызыл су салдарынан жолдар жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызыл судың салдарынан Қазақстанның екі облысында жолдар жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.

Солтүстік Қазақстан облысында еріген судың тасуына байланысты республикалық маңызы бар а/ж «Челябинск-Новосибирск» (525-530 шм) және облыстық манызы бар а/ж «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» (0-48 шм), «Саумалкөл-Новоишимский-Червонное» (40-45 шм), «Покровка-Корнеевка» барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында еріген судың тасуына байланысты облыстық маңызы бар а/ж «Қостанай-Введенка» (69-97 шм) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.