«Биыл Қазақстанда тек қазақстандық футболшылар ойнасын деген мәселе талқыланды. Бұл барлық өңірлердің командаларына қатысты. Бұдан тыс, өңірлердің басшыларына жас фуболшыларды барлық мектептерде бастауыш сыныптардан бастап жаттықтыруды қолға алуды ұсынып жатырмыз», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Атырауда спортшылармен кездесуде.
Министрдің айтуынша, биыл Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға тек қазақстандық спортшылар қатысып жатыр. Олардың ішінде өзге елден шақыртылған бірде-бір спортшы жоқ.