«Осы жылдың аяғына дейін жалпы инфляцияның көрсеткіші 5 пайыз төңірегінде болады. Ол - соңғы 10 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш»,- деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, ұлттық валютамыздың тұрақтылығы Ұлтттық банкке халықаралық қорын одан әрі қарай арттыруға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 93,9 млрд. доллардан асып отыр. «Біз Елбасының тапсырмасына сәйкес, ендігі жылы 100 млрд. доллардан астам жалпы халықаралық резервке ие боламыз деп ойлаймын», - деді Қ.Келімбетов.