Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда министрлікте аталған картаға 83 қосымша жобаны енгізу туралы ұсыныс келіп түскен. Оның 27-сі ағымдағы жылдың соңына дейін қосылмақ.
«Жобаларды жіті қарау барысында министрлікке өңірлерден картадағы 12 жобаның іске қосылу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныстар түсуде. Олардың 3-еуі Ақмола облысына, 1-еуі Атырау облысына, 2-еуі Шығыс Қазақстан облысына, 2-еуі Батыс Қазақстан облысына, 1-і Жамбыл облысына, 1-і Оңтүстік Қазақстан облысына, 1-і Алматы қаласына және тағы 1-і «ҚазАгро»-ға тиесілі», деді вице-министр.
Қазақстан индустрияландыру картасына сәйкес жыл соңына дейін 80 жоба іске қосылатын болады. Оның ішінде жалпы сомасы 4,9 трлн. теңгені құрайтын 47 жоба бойынша игерілген инвестиция көлемі 270 млрд. теңгені құрайды.