Жамбыл облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман болып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп болжануда, таңертең және күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.