деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым аумағына циклон құрылымдалуы әсер етіп, республиканың орталық аудандары арқылы жылжыған ол кей жерлерде жаңбыр және екпінді жел шақырады», - делінген хабарламада.
Республиканың батыс және оңтүстік-шығыс аудандары жоғары қысым аумағында болады. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, түнде Ақтөбе, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қуаты секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды облыстарының кей жерлерінде шаң көтеріліп, жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Сонымен қатар Қызылорда облысында да жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, шаң көтеріледі деп күтілуде.