Онда Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, моноқалаларды және тірек ауылдарын дамыту және қолжетімді баспана сияқты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.
Бұл жердегі экспозицияларда Елбасын сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша іске асырылып отырған жобалармен таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев Өскемен арматуралық зауытының жұмыскерлерімен кездесіп, олардың еңбек жағдайлары, жалақылары туралы сұрады.
Мемлекет басшысына арматуралық зауыт басқармасының төрағасы Николай Грезневтың айтуынша, келесі жылы аяқталатын екінші инвестициялық жобаның арқасында жұмыскерлердің жалақысы екі есеге арттырылады.