Өрт болды деп болжанған орынға аттанған төтенше жағдайлар мамандары куәгерлер мен өртті сөндіруге қатысқандарды сұрап шыққан. Соңында жоғарыда аталған ауылдық округте 200 гектарға жуық аумақты алған құрғақ шөптің өртену оқиғасы болғандығы анықталып, оны жергілікті халық сөндірген болып шықты. Айта кетейік, аймақта өрттің жоғары қауіпі сақталып отыр, құрғақ ыстық ауа райы сақталып, сынап бағанасы күндіз 34-38 градусты көрсетсе, түнде 15 градустен 18 градусқа дейін көтеріліп тұр.
14:48, 01 Қыркүйек 2010
Қазақстанның шығысындағы дала өртін ғарыштық мониторинг жүйесі анықтады
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жарма ауданы, Бөжеғұр ауылдық округіне қарасты Қарақойтас аумағында кеше дала өрті орын алды. Өртке қарсы күрес қызметі диспетчерінің пультіне ғарыштық мониторинг жүйесінен жоғары температура сақталған нүктелер туралы электронды хабарлама келіп түскен.