Қазақстанның спортшылары Петерборда тхэквондо бойынша «Тай-Пэн» халықаралық турниріне қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазақстанның спортшылары Санкт-Петерборда қазанның 10-ы мен 11-і аралығында өтетін тхэквондо бойынша «Тай-Пэн» XI халықаралық турниріне қатысады.

Бұл жарыстың ерекшелігі - электронды протекторларды пайдалану болып отыр. Олар алғаш рет қолданылмақшы, деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі.

Бұл құрылғы соққының күші мен дәл тиюін бағалайтын біріктіріліп орнатылған датчиктермен жарақталған. Bluetooth жүйесі бойынша деректер компьютерге беріледі және балл есептеледі.

2009 жылдан бастап мұндай жүйе Дүниежүзілік тхэквондо федерациясының барлық ресми жарыстарында, оның ішінде 2012 жылы Лондонда өтетінОлимпиадада пайдаланылуы тиіс.