Бұл жалпы ішкі өнімнің 66,6 пайызына тең. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік кепілдік берілген және квази мемлекеттік борышты басқару тақырыбындағы Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.
«Қазіргі таңда барлық елдердің сыртқы борышының жиыны 59,4 трлн. доллармен бағаланады. Ал, әлемдік елдермен салыстырсақ, Қазақстанның борышы көлемі бойынша 36-шы орында тұр. Ал, жалпы ішкі өнімге шағып қарағанда, әлем елдерінің сыртқы борыштарының жиыны 98 пайызға бағаланады. Осы мәндерді белгілеуде Қазақстан 43 позицияны иеленіп отыр»,-деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның борыштарының жалпы ішкі өнімге қатынасы осыдан 10 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеген.