Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Тәуелсіздік туы астында» атты тарихи-құжаттық көрмені ашқан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов осылай мәлімдеді.
«Көрмеге Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыру мен дамыту туралы терең сыр шертетін 300-ден астам құжаттар ұсынылып отыр. Расында да өткен 20 жылдық кезең ішінде біздің еліміз үлкен жетістіктерді бағындырды. Бұның өзі ең алдымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы жүргізіп келе жатқан дана әрі көреген саясатының арқасында жүзеге асты», - деді көрмені ашқан министр Е.Қазыханов.
Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық бүгінгі таңда Қазақстанның әлемдік аренадағы позицияларын жоғары бағлайды. «Бұны біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы бастамаларының барынша қолдау тауып отырғанынан-ақ аңғаруға болады», - деді министр.