деп хабарлайды Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа жетеді деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде құйын соғып, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстік батысында күннің қатты ыстық қауіпі сақталады.
4 шілде мен 7 шілде аралағында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су толқыны болады деп күтілуде. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейі артады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.