Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Үш кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер Ресей командасын 2:1 есебімен жеңді.
Бірінші ойында қазақстандық Ярослава Шведова ресейлік Елена Дементьеваға 3:6,1:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал одан кейінгі кездесуде Андрей Голубев ресейлік Игорь Андреевті еш қиналмастан жеңді. Матчтың қорытындысы - 6:4, 6:3. Шешуші ойында Голубев пен Шведова жұптасып ресейлік теннисшілерді 7:6, 6;4 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан «В» тобында Ресей құрамасымен бірге екінші орынды бөлісіп отыр.
Бұған дейін Ұлыбритания командасы Германия құрамасын жеңген болатын (2:1). Үшінші кезеңде Қазақстан қатарынан екі рет жеңіліп, финалға шығу мүмкіндігінен айрылған Германия құрамасына қарсы ойнайды.