«Келесі аптада Санкт-Петерборда ТМД-ның, Еуропалық одақтың және Кедендік одақтың Үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Осы жиында мен біздің әріптестерімізге, оның ішінде Кеден одағындағы әріптестерімізге біздің алдымызда болуы ықтимал қатерлерге үйлесімді әрекет ету туралы ұсыныс жасағым келеді. Бұл ретте ұсынысты де ең алдымен Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі және Кеден одағындағы әріптес ретінде Ресей басшылығына жолдағым келеді», - деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-министрдің айтуынша, бұндағы негізгі мәселе екі бағыттан тұрады. Оның бірі - макроэкономикалық тұрақтылық. Екіншіден - жұмыс орындарын құруды қолдау. «Осы екі мәселеге баса назар аударуымыз керек», - деді К. Мәсімов.