Шетелдік маманмен келісімшарт бір жылға жасалды, кейін ұзартылуы да мүмкін.
Қаңтарда жаңа басшы құрамамен алғашқы ОЖЖ (оқу-жаттығу жиынын) өткізіп, командамен бірге Калиге (Колумбия) Әлем кубогының 3-ші кезеңіне жарысқа кетті. 16 қаңтарда біздің топ командалық сайысқа түседі. Команда құрамы: Артем Захаров, Роберт Гайнеев, Диас Өмірзақов және Никита Панасенко.
Колумбиядан оралғаннан кейін Қазақстан құрамасы кеңейтілген құрамда Түркияға ОЖЖ-ға, одан әрі Таиландтағы Азия чемпионатына барады.