Бұл халықаралық жарыстың біліктілік турнирі қыркүйектің 19-ында басталды, ал қыркүйектің 21-інде негізгі сетканың қатысушылары күш сынасады. «Tashkent Open» турнирінің жүлде қоры 220 мың АҚШ долларына жеткізіліп отыр.
Негізгі сеткада бірінші орында қазақстандық №1 ракетка Ярослава Шведованың және оның әріптесі Галина Воскобаеваның тұрғанын айта кету керек.
Өткізілген жеребеге сәйкес, Я. Шведова бірінші айналымда итальяндық спортшы Мария-Елена Камеринмен, ал Г.Воскобоева португалиялық Сильва Незамен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, Ярослава Шведова АҚШ-тың ашық біріншілігінде, Үлкен Шлем турнирінде әлемнің бесінші ракеткасы сербиялық Елена Янковичті жеңіп, үшінші айналымға дейін жеткен болатын. Галина Воскобоеваға жеребеде жолы болмады, ол бірінші матчта-ақ №9-шы ракетка Каролин Возняцкиден жеңіліп қалды.