Бүкіл Қазақстаннан жиналған жас зерттеушілерді Кенді Алтай орталығындағы перронда мерекелік флешмобпен қарсы алды. «Ретроспектива және болашақтағы қала» шолу экскурсиясы кезінде олар Стрелкадағы Даңқ ескерткіші, Шығыс Қазақстан облыстық тарих-өлкетану мұражайына, «Жастар» саябағына барып, Өскемен ГЭС-да болып, оның құрылысы тарихымен танысты.
«Біздің Талдықорған - шағын қала, Өскеменге ол сияқты бірнеше қала сыйып кете алады. Қаланың әдемі орындарының бірі - мешіт ұнады, ГЭС жұмысы да әсер етті», - деп бөлісті алған әсерімен Әсел Оразбекова. Өскеменнің жас қонақтарына оның табиғаты, тұрғындары да өте ұнады. Балалар түсті металлургия кәсіпорында болды. Топтардың бірі мырыш, мыс, бағалы металдар және қорғасынның ірі өндірушісі - «Kazzink» ЖШС-не барса, тағы біреуі Өскемен титан-магний комбинатының тарихы және өндірісімен танысты. Өскемен қаласындағы НЗМ-нің қызметкері Роза Құмарғажинаның баяндауынша, енді жас зерттеушілерді Риддер қаласына сапарлап, ондағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық-географиялық және ботаникалық зерттеулер жасай алады. Бұдан басқа, олар Семейге барып, Жидебайдағы мұражай кешеніне саяхат жасайды. Сапар қорытындылары бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын жазады.