Сессияның ашылуында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев Қазақстанда 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптыққа жету стратегиясы қабылданғанын еске салды.
«Біз бұған келе жатырмыз, тіпті өршіл мақсаттарымыз бар деуге болады. Мемлекет басшысы экономикалық өсудің қазіргі бағыты экологияны көгалдандыруға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталуы қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл жасыл мақсаттарға өнеркәсіптік кәсіпорындар мен нысандарымызды декарбонизациялаусыз қол жеткізе алмаймыз. Әдетте, тікелей шығарындылардың үлесі 15% дейін жетеді. Цифрландыру желісі бойынша бізде бірқатар жобалар бар және осындай сессиялар арқылы біз жаңа идеялар мен тәсілдерге, климатты жақсартуға жетеміз», - деді Нұрлан Құрмалаев.
«Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің Басқарма төрағасы Санат Ахановтың айтуынша, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін талқылауға мемлекеттік органдар ғана емес, бизнес өкілдерінің де қатысатыны өте маңызды.
«Яғни, біз әлемдік трендтерді зерттеп қана қоймай, ең бастысы – барлық технологиялар бойынша Қазақстандағы қазіргі жағдайды түсінуіміз керек. Қазір біздің сүзгілеріміз арқылы жеңімпаз компаниялар, жетекші стартаптар өтеді, біз барлық патенттерді зерттеп қараймыз. Алты айдан кейін Үкімет жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңеске мақсатты технологиялық бағдарламаны ұсынуымыз керек, онда біз перспективалы нишаларды анықтай аламыз», - деп түсіндірді ол жалпы іс-қимыл жоспарын.
Ол GreenTech саласын тиімділік пен әлеумет призмасы арқылы түсіну қажет екенін айтты.
«Шартты түрде, егер үлкен заңнамалық, институционалдық өзгерістерді немесе үлкен қорды қажет ететін қандай да бір технология болса және бұл ретте адами капитал, инфрақұрылым бөлігінде жетілу деңгейі бар басқа технологияны көрсек, дәл осы нишаларды анықтаймыз. Бұл ұзақ процесс, оны сапалы түрде жасауымыз керек. Барлығы білетіндей, құжаттарды цифрландыру бойынша біз 8-ші орында тұрмыз. Біз бұған мемлекеттік басқару органдарын тарта алдық – қазір әрбір министрлікте цифрлық вице-министрлер бар екенін білесіздер. Кез келген елдің бәсекеге қабілетті болуы үшін екі фактор шешуші рөл атқарады – адами капитал деңгейі және инновация мен технология деңгейі», - дейді С.Аханов.
Өз кезегінде жоба үйлестірушісі Сәуле Бишімбаева сессияның негізгі мақсаты – тиімді өзара іс-қимылды жолға қою және Қазақстанда саланы дамытудың негізгі проблемаларын дамыту және GreenTech технологиялық платформасын дамыту үшін барлық стейкхолдерлердің, жасыл технологиялар нарығының барлық серіктестерінің күш-жігерін біріктіру екенін жеткізді.
«Біз Qazinnovations базасында жасыл технологияларды дамыту мен енгізудегі ең өзекті мәселелер мен негізгі кедергілерді талқылау үшін барлық мемлекеттік органдарды, бизнесті, инновациялық даму институттарын шоғырландырғымыз келеді. Біздің платформа – барлығымыз үшін басым технологияларды, нишалар мен бағыттарды таңдауға жеке қатысудың бірегей мүмкіндігі», - деді С.Бишімбаева.
С. Бишімбаева форсайттың мақсатты технологиялық бағдарламасы – мемлекеттің, ғылымның және кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылына негізделген басым технологияларды дамыту және саланың технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені екенін айтты.
Сонымен бірге, үйлестіруші спикер GreenTech форсайтының кезеңдерін баяндап берді:
Шілде – 7 бағыттың әрқайсысы бойынша негізгі сарапшыларды анықтау, технологиялық форсайтты жүргізу әдістерін таңдау және негіздеу, стейкхолдерлерді анықтау.
Тамыз – әлемдік трендтерді анықтау және қазіргі инновациялық даму жағдайын талдау, сарапшыларды тарта отырып, бірінші форсайт сессиясын өткізу және Қазақстанда GreenTech дамыту және енгізу проблемаларындағы кедергілерді анықтау.
Қыркүйек – Қазақстан өңірлерінде сарапшылармен бірқатар стратегиялық сессиялар өткізу, GreenTech бағыттарының әрқайсысы бойынша басым нишаларды айқындау, сондай-ақ сараптамалық сауалнама мен анкета жүргізу.
Қазан – жасыл технологияларды әзірлеушілермен стратегиялық сессиялар, басым бағыттарда негізгі өнімдер мен қызметтерді өндіру үшін қажетті жасыл технологиялар тізімін қалыптастыру, нарыққа SWOT-талдау жүргізу.
Қараша – инновациялық экожүйені және технологиялық платформаны құру жөніндегі стратегиялық сессия, мақсатты технологиялық бағдарламаның негізгі қатысушыларын – субъектілердің тізімін жасау және перспективалы жобаларды және/немесе нишаларды дамытудың сценарийлік жоспарын әзірлеу.
Желтоқсан – соңғы стратегиялық сессия, мақсатты технологиялық бағдарламаны қорытындылау және таныстыру.
Econetwork жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов бүгінгі сессияға қатысты дәне журналистерге өз пікірін айтты.
«Бүгінгі шара GreenTech саласындағы жеті бағыт бойынша топтардағы барлық жұмыстарды бастайды, олардың әрқайсысы бөлек талқылануы керек. Қандай технологияларды бір бағытта немесе басқа бағытта қолдану керегін анықтау үшін оларды жеке-жеке қарастыру керек. Әлем бір орында тұрмайды, қазір жаһандық экологиялық күн тәртібі бар және қоршаған ортаға зиянды азайту керек. Мұны барлығы бұрыннан түсініп келеді», - деп атап өтті Евгений Мұхамеджанов.
Оның айтуынша, әзірге бізде көптеген бағыттар бойынша артта қалушылық бар.
«Бірақ жалпы алғанда, біз қазіргі жағдайдан алшақтай алмаймыз. Біздің алдымызда өте үлкен жұмыс тұр. Біз әлі де ватсапп арқылы техникалық байқаудан өте аламыз, көптеген су айдындарында суымыз сапасыз, адамдар барлық жерге қоқыс тастайды. Қайда қарасаң да, барлық жерде проблема бар, және бір жағынан, бұл әрине жаман. Екінші жағынан, бұл мәселелерді шешуге болады, технологиялық шешімдерді қолданып, мәселелерді қалай тез шешуге болатынын қарау – үлкен тәуекел. Әлемде көптеген тәсілдер бар, өйткені біраз елдер осыдан 10-20 жыл бұрын өткен», - деп түсіндірді сессияға қатысушы.
Спикердің айтуынша, бұл бағытта біздің еліміз үшін көптеген перспективалар бар.
«Яғни, Қазақстанға қайтадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, бірақ жергілікті ерекшелікке бейімделе отырып, қандай да бір технологиялардың трансфертін жасауға болады. Технологиялық стартаптар тек физикалық нысанды ғана емес, әртүрлі платформалардың дамуын да білдіреді. Себебі software бағытында кейбір мобильді қосымшаларды, порталдарды әзірлеу және деректерді өңдеу бағытында әлемде алға ілгерілеу бар. Мұнда біз өз инновацияларымызды тезірек дамыта аламыз. Сондықтан Қазақстанның осы бағытта өз әлеуетін табуға мүмкіндігі бар», - деп қорытындылады Е. Мұхамеджанов.