Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтілуде.
Жамбыл мен Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел болжанып отыр.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей өңірлерде 0-5 градус суық сақталады, Алматы мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде суық, топырақ бетінде 0-3 градус үсік жүруі ықтимал.