нотариус, қорғаушы және жеке кәсіпкерлер үшін телефондық қосылулар қызметін мерзімді төлеу жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппараты үшін ай сайынғы абоненттік төлемді 6,1 пайызға өсіруді жоспарлауда.
Төлем Ақтау қаласы мен облыстың басқа тұрғындары үшін де өсіріледі.
«Ай сайынғы абоненттік төлем 20 пайызға өсіріледі. Егер бұған дейін Ақтау қаласының тұрғындары айына 838 теңге төлесе, 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап 1006 теңге төлейтін болады. Ауыл тұрғындары үшін абонеттік төлем 557 теңгеден 668 теңгеге дейін өсіріледі», - деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ-ның Маңғыстаудағы филиалының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.
Қызмет көрсетулердің кейбір түрлері - Ғаламтор желісіне, iD TV және iD Phone-ға 5-тен 25 пайызға дейін төмендеуі байқалады.