Сонымен қатар, 2010 жылғы қазанның 5-інен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жедел түде «Павлодар-Алматы-1» бағытындағы №45/46 пойызын жүргізуді бастайды.
Астана-Алматы бағытындағы пойыздардың саны жолаушылар пойызының қысқы кестеге ауысуына байланысты 2010 жылғы қазанның 31-інен бастап толықтай көбейеді. Бүгінгі таңда күн аралатып жүріп тұрған №9/10 және №3/4 пойыздар бұрынғы күн сайынғы кестемен қозғалысқа енетін болады.