«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы М.Жәкішевке өзінің қорғаушысы ретінде Б.Имашевты таңдауына болмайды - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы М.Жәкішевке өзінің қорғаушысы ретінде Б.Имашевты таңдауына болмайды,

деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Время» газетінің 2009 жылғы шілденің 23-індегі №107 (880) санында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен сұхбат жарияланған болатын. Сұхбатында іске өзінің қорғаушысы ретінде ол Берік Имашевтың қатысуын қалайтыны туралы мәлімдегенін еске салды қадағалау органының баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 70-бабының 2-бөліміне сәйкес Б.Имашев адвокат емес, айыпталушының жақын туысы немесе заңды өкілі, сондай-ақ  кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілі болып табылмайды. Сондықтан, Б.Имашевтың оның қорғаушысы бола алмайтыны М.Жәкішевке түсіндірілді деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасында.