«Қазатомөнеркәсіп» Қазақстандағы күкірт қышқылын сатып алуды жалғастырады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қазақстандық өндірушілерден күкірт қышқылын сатып алуды жалғастырады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Қазақстанның уран өнеркәсібі кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген сұранысы 2013 жылы шамамен 2 миллион тонна болды. Қазіргі таңда «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында елімізде өндірілетін күкірт қышқылы пайдаланылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Рыспановтың айтуынша, уран өндірісіндегі жергілікті қамтуды ұлғайту мақсатында келешекте де тек қана отандық өндірушілермен жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Күкірт қышқылы - жер астындағы уранды ұңғымалап, сілтіден айыру кезінде қолданылатын стратегиялық реагенттердің бірі. Компания шетелдік жеткізушілерге тәуелділік бірқатар технологиялық қиындықтар тудыратынына сенімді. Тасымалдау қиындығына байланысты олар уақытында жеткізілмей қалуы мүмкін. Мұндай жағдай қазақстандық күкірт тұтынушылардың жұмысында кездесіпті.

«Қазатомөнеркәсіп» «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлекеттік компаниялар тізіміне кіреді.