«Жоғарыда көрсетілген кемшіліктермен қатар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында және оның филиалдарында анықталған жекелеген заң бұзу деректері бар. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдарын пайдалану деректері кездескен. Сондай-ақ талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттамалар (жалпы сомасы 595,3 млн теңге) әзірлеген. Мысалы, «Үшарал-Достық 2,9-30 учаске» автожолын реконструкциялау кезінде Сапа орталығы жол-құрылыс материалының құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін 51 қайшылық анықтады», - деп жазады палата мамандары.
Тәуелсіз ұйымдардың корпоративтік басқару жүйесін бағалау тәртібінің болмауы да «Қазавтожолға» бөлінген қаражаттың тиімсіз игерілмеуіне жол ашқан.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ басшы құрамына (Басқарма төрағасына, мүшелеріне, корпоративтік хатшыға, ішкі аудит қызметі басшысына) сомасы 20,6 млн теңгеге жасалған негізсіз төлемдер жүргізілілген», - делінген ресми ақпаратта.