«Қазцинк-Торпедо» ХК-ның бас бапкері Өскеменге оралды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Николай Мышагин Краснодар аймақтық ауруханасында денсаулығын тексертіп, емдеу курсынан өтіп келді. Өткен аптаның басында ауруханаға жатқызылған ол бүгін өз командасымен бірге Өскеменге қайтып келді.

«Емдеуші дәрігер мені жіберді, жолға шығуыма рұқсат берді, алайда ем алуды үйде жалғастыру керек», - деді Мышагин. Хоккей клубында хабарлағандай, Өскемен командасының бапкері Краснодарда ми тамырлары жарылу қаупі бар деген күдікпен шұғыл ауруханаға жатқызылды. Ол жерге «торпедолықтар» ЖХЛ чемпионатының кезекті матчына келген болатын. Қазір жаттықтырушы өзін жақсы сезінеді. Оның өз сөзіне қарағанда, ол алдағы уақытта жұмысқа кірісуді жоспарлап отыр.