Құжатта көрсетілгендей, келісімнің мақсаты - қауымдастық пен облыстың жергілікті атқарушы билігінің күш-жігерін біріктіру арқылы ҚР-ның мұнайгаз саласының одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету; тау-кен пайдаланушылар қызметінің, сондай-ақ сервистік және инфрақұрылымдық жобалардың одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету; мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық көмек; өнім сапасы мен технологиялық үрдістерге халықаралық стандарттарды енгізу.
«KAZENERGY» қауымдастығының атынан меморандумға ұйымның төрағасы Тимур Құлыбаев, облыстың атынан өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов қол қойды.