Мәселен, ақпанның 17-сінен 18-іне дейін бір тәулік бойы Ақмола облысының кей аумақтарында бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақыттары 25 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ақпанның 18-і күні күндіз Астана қаласында бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 18 м/с-қа дейін артуы ықтимал.
Сондай-ақ ақпанның 17,18 және 19-ы күндері Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, күшті жел тұрады, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақыттары 25 м/с-қа дейін жетеді деп болажануда.