«Қазгидромет» 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК сәуірдің 12-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, сәуірдің 12-сі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен күн құбылмалы болады.
Найзағай ойнап жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Тек республиканың батысында, шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
ҚР бойынша жел күшейеді, елдің батысында, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде бұршақ жауады.
Түнде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысында 3 градус аяз күтіледі.
Осыған дейін СҚО-да синоптиктер көктем мен жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жасады.