29 наурызда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болжанып отырған жаңбырдан кейін тау өзендері тасуы мүмкін. Жамбыл облысында сондай-ақ оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін.
29 наурыз - 1 сәуір күндері Алматы облысында және Алматы қаласында болжанып отырған жаңбыр салдарынан су көбейіп, тау өзендері тасуы мүмкін.
29 наурыз - 1 сәуір күндері Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі, 30 наурызда қатты нөсер жауады және күндізгі температура күрт көтеріледі. Сондай-ақ, Шүлбі су қоймасынан босатылатын су көлемінің ұлғаюы және жергілікті қарғын судың жиналуы есебінен өзен жағасындағы учаскелерді су басуы мүмкін.
31наурыз - 1 сәуір аралығында Қарағанды облысында көктемгі қарғын су әсерінен су деңгейі көтеріледі.
29 наурыз - 1 сәуір аралығында ШҚО-да күннің жылынуына және жауын-шашынға байланысты тау өзендерінің тасуы, су деңгейінің күрт көтерілуі, арналардың бөгелуі себебінен елді мекендерді су басу қаупі бар.
29-31 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Бұған дейін синоптиктер Астана қаласы мен Ақмола және Қостанай облыстарында ескерту жариялаған болатын.