«Қазақстандық 3000 қажы елге дін аман оралды. 1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына келіп қонды. Денсаулықтары бірқалыпты», - деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаев.
Елімізден барған 18 жоғары білікті дәрігер қажыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мекке мен Мәдина қалаларында медициналық қызмет көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан қажылары отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.