Мүрделер қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары арқылы танылды.
Апат салдарынан қаза тапқан басқа тұлғалардың есімдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында сағат шамамен 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі ауруханада бақилық болды, 20-дан астам адам жарақат алды.