ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНЫ: Қарағандылық полицей суға кеткен үйден қарт адамды алып шықты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысынан ІІМ-нің «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясына жедел әрекет ету арнайы жасағының коммандирі, полиция подполковнигі Сабыр Сапариянов қатысады.

«Қазіргі заман қаһармандары» жыл сайынғы әскери-патриоттық акциясы лаңкесті ұстауда қаза тапқан тараздық полицей, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың еске алу құрметіне өткізіледі. Биылғы жылы акция Қызылордада өтеді. Акция қатысушылары бейбіт уақытта ержүректік көрсеткен ішкі істер органарының қызметкерлері.

С.Сапариянов су тасқыны кезінде адамды құтқарып қалды. Полицей Ғ.Мұстафин атындағы кентте су басқан үйден қарт адамды иығына көтеріп алып шықты.

«12 сәуірден 13-іне қараған түні дабыл бойынша Жедел әрекет ету арнайы жасағының барлық жеке құрамы тік тұрды. Мен өз қарауымдағы жігіттермен Ғ.Мұстафин атындағы кентке аттандым. Мұнда су тасқыны үйлерді мықтап басқан екен, кей жерлерде су үш метрге шейін көтерілген. Біз КамАЗ машиналарымен үйлерді қарап шықтық. Адамдарды құтқардық, төбеде тұрғандарын алып шықтық. Төртқабатты үйдің бірінші қабатын су толығымен басқан. Мен кеудемнен су кештім, су мұздай. Абыржып қалған қартты байқадым, оны мойныма отырғызып КамАЗға жеткіздім», деп еске алады сол жанкешті оқиғаны С.Сапариянов.

Полиция подполковнигі өзінің бұл әрекетін ерлікке баламайды. «Біздің жұмысым сондай. Мақсат қойылды, міндет - оны орындау. Ақсақал маған қалай алғысын білдіру керек екеін сұрады. Мен «батаңды берсең болғаны», - дедім», - дейді ол.

Облыс ІІД С.Сапарияновты мемлекеттік наградаға ұсынды.

Оның айтуынша, бала күнінен арнайы жасақта қызмет етуді армандапты. «Мен Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында туып-өстім. Бала күнімде тауға өрмелеп, қылмыскерді қалай ұстау жөнінде армандадым», дейді Жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі.

Ол жасынан спортменайналысты, қол ұрысынан спорт шебері. Мектептен кейін Е.Бөкетов атындағыҚарағанды мемлекеттік университетінің дененышықтыру факультетін бітірді. Одан кейін армияда қызметін өтеді. 2000 жылы оны Қарағанды облысы ІІД-нің «Арлан» арнайы жасағы бөлімшесіне қызметке алды.

2003 жылы аймақта торуыл полициясы полкі құрамында жедел әрекет ету арнайы жасағы құрылды. С.Сапариянов сержант шенінде жаңа бөлімшеге взвод командирінің орынбасары болып тағайындалды. Ал екі жылдан кейін оған командирлік қызмет ұсынды, оны 11-ші жылы басқарып келеді.

Подполковник өз жұмысы жайлы көп айта бермейді. «Органдардағы 16 жыл ішінде талай оқиға болды», - дейді ол.

Полицей үш баланың әкесі, ұлдары 10 және 2 жаста, қызы - 9-да. Үлкен ұлы әке жолын қууды армандайды.