Қазком мен Халық банкі екі банктің бірігуі мүмкін деген ақпарат жайлы пікір білдірмеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметтерінде екі банктің бірігуі туралы еш ақпарат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспасөз қызметі Қазкомерцбанкті қандай да бір өзге қаржы институтымен біріктіру жөніндегі акцинерлердің жоспары туралы ешқандай ақпаратқа ие емес», - деді Қазком баспасөз қызметі.

Халық банк те екі банктің бірігуі туралы ешқандай пікір білдірмеді.

Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстандағы ең ірі екі банк - Қазкоммерцбанк (ККБ) пен Халық банк 27 миллиард доллар көлеміндегі активтері бар банк құру үшін бірігуді талқылауда. Қазақстанның барлық банк жүйесі активінің 37% екі банкке тиесілі. Халық банк 1,7 млрд. доллар көлеміндегі нарықтық капиталдандыруға ие. Қазкомерцбанктің ішкі нарықтағы нарықтық капиталдандыруы $542 миллион долларды құрайды.

Қазком акцияларының бақылау пакеті кәсіпкер Кеңес Рақышевке тиесілі. 2006 жылдан бастап ол «SAT & Company» АҚ Директорлар кеңесін басқарады, 2012 жылдан бастап жаһандық Net Element International технологиялық компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы. 2013 жылдың желтоқсан айында Central Asia Metals plc (CAML) атқарушы емес директоры болып тағайындалды.

2014 жылы ақпанда БТА Банк Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2015 жылдың қаңтар айында Казкоммерцбанк Директорлар кеңесінің қатарына енді. 2016 жылдың 28 сәуірінен бері Қазкоммерцбанк Директорлар кеңесінің төрағасы.

2009 жылдан бері Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 2016 жылы маусым айында ол «Атамекен» ҰКП президиумы Қаржылық сектор комитетінің төрайымы болып сайланды. Vlast журналы Үміт Шаяхметованы жыл қаржыгері деп атады.