Қазкоммерцбанк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында банктің 2009 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есебі мен Басқарма қызметінің есебін тыңдалып, мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктің 2009 жылғы таза кірісі капиталдандырылып, өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріске бағытталды. Жай акционерлерге дивидент төленбейтін болды. Желтоқсанның 10-ынан бастап жеңілдікті акцияларға дивидент төлене басталмақ, ал дивидент алуға құқы бар акционерлер тізімін жасау қарашаның 10-ына белгіленіп отыр. Банктің резервтік капиталы өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің есебінен 7 миллион теңгеге ұлғайтылды. 2008 жылы сайланған Директорлар кеңесінің мүшесі М. Ержановтың өкілеттігі белгіленбеген кезеңге дейін ұзартылды. Акционерлер Жарғы мен банктің корпоративтік басқару кодексіне, Директорлар кеңесі туралы ереженің жаңа редакциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды да мақұлдады. Сондай-ақ Deloitte аудиторлық компаниясын сыртқы аудитор ретінде және Директорлар кеңесі мүшелерінің 2010 жылғы сыйақысының көлемін бекітті.