Қазкоммерцбанк Азия автодан қарыздарын қайтаруды жүзеге асырады

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазкоммерцбанк еліміздегі ең ірі автоқұрастыру зауыты Азия автодан 522 250 000 теңге қарызын мәжбүрлеп қайтарып алмақ. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Азия авто Қазкоммерцбанкке облигация бойынша 522 250 000 теңге қарыз болып, қайтару сот арқылы міндеттелген еді. Артынша автокөлік құрастырушы компанияның өтінішімен бұл қарызды қайтару сот шешімі арқылы 1 жылға уақытша шегерілген еді. 21 қыркүйек күні берілген мерзім аяқталды. Енді Қазкоммерцбанк зауыттан 522 250 000 теңге қарызын қайтарып алуды жүзеге асырмақ. «Азия авто» бұнымен қатар 15 667 500 теңгелік мемлекеттік алымды да төлейді.