'Қазкоммерцбанк' екінші шығарылымдағы субординацияланған индексті облигацияларын өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - 'Қазкоммерцбанк' желтоқсанның 1-і күні, жоспарға сәйкес, 4 353 150 000 теңге сомасына субординацияланған индексті облигацияларын өтеді.

Купондық мөлшерлеме 8% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банк таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Шығарылым 7,5 миллиард теңге сомасына 2002 жылдың қараша айында тіркелген болатын. Облигацияларды орналастыру айналыстың толық мерзімі ішінде жүзеге асырылды. Облигациялар өтелген күні 4 353 150 000 теңге мөлшерінде номиналды құны төленген болатын, сондай-ақ  купондық сыйақы - 166 961 522,50 теңге төленді.

Негізгі борышты және үстінен есептелген сыйақыны банк өз қаражатының есебінен төледі.