«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басқарма құрамының кеңейгені және бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне бұған дейін бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор қызметін атқарған Дастан Абдулғафаровтың тағайындалғанын хабарлайды. Жаңа қызметте Д.Абдулғафаров компания басқармасының мүшесі болып қала бермек», делінген хабарламада.
Бұған дейін бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Жаннета Бекежанова өз еркімен қызметінен кетті.