«Алик Айдарбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты басқарма төрағасы және құзырлы органдар аталған өтінішті қарап, шешім қабылдады», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры Ғибрат Ауғанов аталған компанияда онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Алик Айдарбаевтың «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Құрманғазы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.