«ҚазМұнайГаз» құны 1,2 млрд доллар болатын азот қышқылын өндіру жобасын қолға алды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы полиэтилентерефталат өндірісін жолға қою үшін серіктес іздеп отыр. Компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.
— ҚазМұнайГаз инвестициялық портфелінде қазір полиэтилентерефталат және карбамид өндірісін жолға қоятын екі жоба бар. Карбамид жобасы ішкі нарықтың азот тыңайтқыштары бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба бойынша серіктес белгіленді, бірлескен мекеме құру жұмыстары және техникалық-экономикалық негізіндемені әзірлеу аяқталуда. Жоба құны — 1,2 млрд доллар, — деді «ҚазМұнайГаз» басшысы.
Полиэтилентерефталат — қаптауыш материалдар мен тоқыма талшығын жасауға арналған жеңіл пластик. Бұл өнімді Қазақстан да, Орта Азияның барлық елдері де импорттап отыр.
— Қазіргі таңда стратегиялық серіктес іздеу жұмыстары жүріп жатыр, — деді Асхат Хасенов,
Бұған дейін елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.