«ҚазМұнайГаздың» орталық аппаратында қысқартулар болады - алқа мәжілісі

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы «ҚазМұнайГаздың» орталық аппаратында қысқартулар болады деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарушы директоры Данияр Берлібаев мәлім етті.

«Компанияның орталық аппаратында біраз қысқартулар болады деген жоспар бар. Ал үнемделген ақшаға біз компанияның өндірістік қуатын арттыратын боламыз», - деп атап көрсетті Д.Берлібаев.

Естеріңізде болса, Жолдаудан кейін Үкімет үйінде шұғыл кеңес өткізген Президент Н.Назарбаев ұлттық холдингтер мен мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің санын қысқартып, ол бойынша тиісті құрылымдық ережелерді наурыздың 1-іне дейін енгізуді тапсырған болатын.