«ҚазМұнайГаздың» павлодарлық тауар өндірушілерден 7,5 миллиард теңгеге өнім сатып алады

ПАВЛОДАР. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы өкілдерінің Павлодар кәсіпкерлерімен болған кездесуі - облыс тауар өндірушілерінің тауарлар мен қызметтер жеткізілімінің конкурстарына қатыса отырып,

ірі мұнай компаниясының табысты ынтымақтастық орнатқанын қуаттады.

«Соңғы жылы жергілікті кәсіпорындар «ҚазМұнайГазға» 7,5 миллиард теңгенің тауарларын жеткізді, бұл алдыңғы көрсеткіштерден 8 есеге көп», - деді ұлттық компанияның қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің директоры Бақтияр Исаев.

«Павлодарлық «KSP Steel» серіктестігінің құбыр зауытымен 2012 жылға дейін келісімшартқа отырдық», - дейді Б.Исаев.

Компанияда жеткізілімшілермен ынтымақтастықтың оңтайлы кестесі жасалған. «Тауар өндірушілерге қойылатын негізгі талап - техникалық талаптар, сатып алынатын тауарлардың сапалығы және бәсекелі баға»,- дейді компания өкілі.