Аймақтағы ірі компаниялардың бірі саналатын «Қазмырыштың» басшысына министрліктің атынан марапат қағазын облыстық департаменттің басшысы Бақытбек Қизатов пен облыс әкімінің орынбасары Ермак Сәлімов табыс етті.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде: «Сіздің компанияңыз басқа кәсіпорындардан көптеген көрсеткіштер бойынша алда, атап айтқанда, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың, әлеуметтік жауапкершілік пен кәсібиліктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді», деп атап көрсетті.
«Қазмырыш» президенті Н.Попович өз кезегінде, марапат үшін алғысын білдіре келе, компанияда еңбек қауіпсіздігі бірінші орынға қойылатынын атап өтті.
«Қазмырыш» еңбекті ұйымдастырудың жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізу мақсатында қауіпсіздік жүйесіндегі ілгерінді әдістер мен жобаларды үнемі іздестіріп және өндіріске енгізіп отырады. 2009 жылдың қыркүйек айында «Персоналдың қауіпсіздігі» арнайы көлемді жобасы қолға алынды», деп атап көрсетті Н.Попович өз сөзінде.